Бүгін 2023 жылғы 20 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өткізілді.Спикерлер болып Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Каһарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин сөз сөйледі. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Су тасқыны басталғаннан бері Түркістан, Павлодар, Абай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 162 тұрғын үй, 3 ғимаратты және 20 саяжай үйін еріген қар және жаңбыр суы басты.
Барлығы 957 адам эвакуацияланды, 5,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 13 тұрғын үй су астында қалып отыр.
Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы...