Бас көлік прокуратурасы Қаржы министрлігі мамандарының қатысуымен тәркіленген мүлікті мемлекеттік органдардың балансына өткізу рәсімінің жаңа тетіктерін әзірледі.
Тәркілеу заттары көбінесе нарықтық құнынан төмен сатылатындықтан, электрондық сауда-саттық арқылы жеке тұлғаларға сату тетігін қайта қарау бойынша жұмыс басталды. Оның негізі, «Мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталының сату алаңындағы «танымал болмауы».
Қызметті жақсартудың нысаны ретінде кolesa.кz, кrisha.кz және OLX сияқты танымал интернет-ресурстармен өзара әрекеттесу мәселесі қаралуда-деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы
Бұрынғы қолданыстағы тәжірибе үкімдерді орындау кезінде әуре-сарсаңға, ал кейбір жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға да жол берді.
Мысалы, 2020 жылғы пандемия кезінде көлік прокурорлары құны 140 млн теңгені құрайтын 60 мың данадан астам медициналық мақсаттағы...