Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмекке 3 млмн доллардан аса қаржы аударған. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
«Қазақстандағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде ашылған шотқа бүгін жиналған 216 мың АҚШ доллары AFAD ресми шотына аударылды. Осылайша , жалпы қайырымдылық сомасы 3 миллион 616 мың АҚШ долларынан асты», делінген хабарламада.
Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберген. Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек, қысқы шатыр, металл кереует, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.
Осыған дейін Қазақстан Түркияға 1 млн доллар көмек берген болатын.
Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан да...