Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Қадірменді қала тұрғындары!
Қауіпсіздігіміз үшін таңдау жасайтын сәт келді.
Медицина қызметкерлері соңғы төрт ай бойы коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте келеді. Барлық мүмкіндіктерін пайдаланып қызмет етіп жатқан дәрігерлеріміздің тіпті отбасымен қауышу мүмкіндігі болмай жүр. Күн-түн демей еңбек етіп жатқан олар – сөзсіз батыр, бірақ түсінейік, олар да адам. Жаны да, тәні де шаршайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бастапқыда дәрігерлердің осы күресте қалуына да, кетуіне де мүмкіндік болды. Бірақ олар қалуды ұйғарды. Сондықтан, біздің оларға осындай қиын сәтте көмегіміз бен құрметіміз – үйден шықпай, тәртіпке бағынуымыз...