Бұған дейін салмағы бір тоннадан астатын жүкке арналған үлкен қап тіккен «Нефтехим LTD» ЖШС енді негізгі жұмысты сәл кейінге шегеріп, бетперде тігуге көшті. Кәсіпорынның тігін учаскесінің шебері Жанар Диярованың айтуынша, мұнда тәулігіне шамамен 16 мың бетперде дайындалатын болады.
«Елдегі соңғы ахуалға байланысты біздің компания да бетперде тігуге кірісті. Дайын үлгілерді «Мерусар и К» кәсіпорнынан аламыз. Бұл жұмыспен әрқайсысы 20 адамнан құрылған, төрт ауысыммен жұмыс істейтін тігіншілер тобы айналысады. Әр тігінші бір ауысымда 800 бетперде тігіп шығарады деп жоспарланып отыр», – дейді Жанар Диярова.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов «Нефтехим LTD» кәсіпорнының бұл іске араласуы нәтижесінде аймақта тәулігіне...