Отбасылы жұптардың ажырасуына себеп болатын көп фактор бар. Солардың бірі — бедеулік. Арада бала болмаған соң ерлі-зайыптының 15 пайызы екіге кетеді екен. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әр алтынша отбасының басында сәбилі бола алмау мәселесі кездесетінін айтқан еді. Соған байланысты былтыр Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Осы арнайы бағдарлама аясында ЭКО жасатуға берілетін квоталар саны 7 есе көбейтілді. Елімізде ЭКО квотасын қалай алуға болады? Оған қандай анализдер тапсыру керек? Жұбайлар қандай дайындықтан өтеді? Осы және өзге де сауалдарға материалымыздан жауап таба аласыздар.
Негізі балалы бола алмай жүргендерге бірден ЭКО жасау керек деген нұсқау берілмейді. Өйткені алдымен дәрігерд...