Қазақстандықтар теміржол билеттерінің 70 пайызын интернет арқылы сатып алады
Бүгінгі таңда қазақстандықтар теміржол билеттерінің 70 пайызын интернет арқылы сатып алады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артқан. Жол жүру құжаттарының онлайн-сатылымы, әсіресе карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін айтарлықтай өскен. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетерлігі, 2019 жылғы шілде айынан бастап ұлттық тасымалдаушы компания теміржол билеттерін сатуды толығымен «Мобиус» электронды жүйесіне ауыстырды. Бұл бастама өз кезегінде өткізу арналарын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беріп, азаматтар үшін билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға әсер етті.
Қазіргі күнде жол жүру құжаттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі билет кассалары (164 касса (оңтайландыруды...