2024 жылдың төртінші тоқсанында шағын және орта бизнес өкілдерінің несиеге деген сұранысы біршама өсті. Банктер бұл үрдісті мемлекеттік жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларының қайта жандануымен байланыстырады. Ұлттық банк 19 екінші деңгейлі банк арасында жүргізген сауаланама нәтижесі осындай.
Ірі кәсіпорындар да қаржыландыруға қызығушылық танытқанымен, банктер ұзақ мерзімді экономикалық болжамның күрделілігі ірі инвестициялық жобаларға сұраныстың артуын шектеп отырғанын атап өтті.
Дегенмен кейбір банктер бірнеше инвестициялық жобаның іске қосылғанын хабарлаған. Ірі бизнес тарапынан несие өтінімдердің саны 9%-ға өсіп, 214-ке жетті, алайда орташа өтінім мөлшері 13%-ға төмендеп, 8,8 млрд теңгені құрады.
Шағын және орта бизнес сегментінде қаржыландыруға сұраныстың артуына банктер ұсынған жаңа онлайн-өнімдер мен...