Фото: kursiv.media
1 шілдеден бастап елмізде заңнамаларға жасалған бірталай өзгерістер күшіне енеді.
1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Бұл құжат бойынша ұлттық демографиялық саясаттың факторы ретінде ана мен баланы қолдауға басымдық беріледі. Еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қолданылады. Сонымен бірге аз қамтылған отбасыларға олардың материалдық әл-ауқатын жақсартуға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру, асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қолдау күшейтіледі.
1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар зейнеткерлер тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделу ақысын төлеуге...