Фото: kursiv.media
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022 жылғы Құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдап, «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының үй ішілік газ желілерін табиғи газға қосу кезіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысты қызметін орынсыз деп тапты.
Осылайша, Акционерлік қоғамның мердігерлері мен құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын тәуелсіз компаниялардың құнын салыстыра келе, бағалардың бір диапазонда екені анықталған. Тіпті кейбір өңірлерде «ҚазТрансГаз Аймақ» Акционерлік қоғамының мердігерлері ұсынған қызмет құны жеке компаниялардың ұқсас қызметтерінен де жоғары болған. Бағадағы бұл айырмашылықтың газдандыру қарқынына айтарлықтай әсері болмаған.
«Бұл ретте, «ҚазТрансГаз» «Аймақ» АҚ ұсынатын баға құрылыс-монтаждау жұмысы нарығында неғұрлым қолжетімді ұсыныстардың болуына байланысты, дамыған бәсекелестігі бар...