Фото: shutterstock.com
Сәуір айында ел банктердегі жеке тұлғалар жинаған депозит көлемі 17,2 трлн теңгеге жетті. Биыл І тоқсанда бұл көрсеткіш 232 млрд теңгеге өсті, деп жазады ranking.kz.
Бір қызығы, бірінші тоқсандағы көрсеткіш динамикасы біркелкі емес: мысалы, қаңтарда жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 136,2 млрд теңгеге, ақпанда тағы 73,5 млрд теңгеге қысқарса, ал наурызда ол бірден 441,7 млрд теңгеге өсті. Соның нәтижесінде тоқсан сайынғы 232 млрд деңгейінде қалыптасты.
Тоқсандық өсім бойынша брінші орында Отбасы банк тұр: бірден 157,6 млрд теңгеге көбейіп, биыл сәуір айының басында 2,3 трлн теңгеге жеткен. Наурыздың өзінде банк жеке тұлғалардың депозиттері қоржынына тағы 69,6 млрд...