Фото: shutterstock.com
Қазақстандық жемқор шенеуніктер ұрланған қаражатын өз еркімен қайтарса, қылмыстық жазадан құтыла алады. Мұндай өзгеріс Мәжілісте қаралып жатқан заңсыз иемденген мүліктер туралы заң жобасында бар.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, жиған-терген активтерін заңсыз шетел асырып жібергендер оны өз еркімен елге қайтарса, онда билікпен екеуара келісімге келе алады.
«Егер азамат мүліктің бір бөлігін немесе бәрін қайтаруға міндеттенсе, онда ол қылмыстық қудалауға ұшырамайды. Егер ол өз еркімен қайтарса, одан әрі ешкім қудаламайды. Бұл – өз еркімен қайтарудың негізгі шарты», – дейді депутат.
Сонымен қатар, Имашева заңсыз алынған мүліктің бәрі мемлекетке қайтарылмайтынын айтты. Атап айтқанда, егер активті қайтару...