Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын саяси партиялардан үміткерлер тізімін тіркеді.
ОСК тізімін ең бірінші тіркеген партия – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП). Бұл партиядан депутаттыққа 19 кандидат ұсынылған. Комиссия мәліметінше, партиялық тізімге енген үміткердің бәрі Конституция мен «Сайлау туралы» конституциялық заң талаптарына сай.
ЖСДП партиясы бұрын парламент сайлауына қатыспағандықтан, заңға сәйкес, тізімді тіркеу үшін ол ОСК шотына сайлау жарнасын төлеуі керек. Тізімдегі әр үміткер үшін 15 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі қаржы төленуі тиіс. ЖСДП жалпы сомасы 19,9 млн теңге сайлау жарнасын толық төлеген.
Одан кейін комиссия «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеді. Бұл партиядан 54 адам...