Қазақстанда жанар-жағармай бағасы қымбаттауы мүмкін. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, баға кезең-кезеңмен көтеріліп, ЕАЭО елдерімен теңестіріледі.
Министрлік хабарлауынша, су тасқыны кезеңінде бағалар көтерілмейді.
«Су тасқынына қарамастан, Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін баға өзгеріссіз қалады. Оның ішінде АИ-92 және Аи 93 бензині литріне – 205 теңге, дизель отыны литріне – 295 теңге болып қалады»,- деленген министрлік хабарламасында.
Министрлік келтірген мәліметтерге сенсек, АИ-92 бензинінің бағасы Арменияда – 555 теңге, Өзбекстанда – 405 теңге, Қырғызстанда – 318 теңге, Ресейде – 244 теңгені құрайды. Ал дизель отыны Арменияда...