Компанияның бас директорын ауыстыру туралы жаңалықтардан кейін, аэроғарыш саласы үшін құрылымдық және композиттік материалдар шығаратын Нexcel-дің акциялары сауда-саттықта арзандады. Инвесторларға жаңа тағайындалған Том Джентайлдың бұрын бәсекелес Spirit компаниясын басқарғаны ұнамады, деп жазды Bloomberg.
Толығырақ
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықта Hexcel акциялары 14%-ға, яғни 61,47 долларға дейін арзандады. Ал негізгі сессияны 62,34 доллар (күніне -12,3%) деңгейінде аяқтады. Компанияның баға белгілеулерінің 4 жылдағы ең үлкен құлдырауы директордың ауысуы туралы жаңалықтан кейін болды.
Компанияның қазіргі бас директоры Ник Стэнэйдж Hexcel компаниясының атқарушы төрағасы болады. Жыл соңында зейнетке шығуды жоспарлап отыр. 1 мамырдан бастап компанияны Том Джентайл басқарады. Оның кандидатурасы инвесторлардың сенімсіздігін тудырды. Өйткені ол бұрын...