2024 жылдың бірінші тоқсанында AIX-тегі жалпы сауда көлемі 463 млн долларды құраған. Бұл 2023 жылдың І тоқсанындағы 67 млн доллармен салыстырғанда жеті есе артық. Astana International Exchange 2024 жылдың үш айындағы жұмыс қорытындысын жариялады.
Соңғы айларда AIX-тегі сауда көлемі бұрын-соңды болмаған өсім көрсеткен. Оған Polymetal International plc компаниясының халықаралық институционал инвесторлармен жасаған келісімі себеп.
2023 жылы компанияның бастапқы листингі AIX биржасына ауыстырылуы мен АХҚО-ға редомициляциясы биржадағы сауда-саттық көлемін арттырған болатын.
Ал жыл басында Polymetal International компаниясының ірі акционері ауысты.
Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International (MII) қорының еншілес ұйымы –Maaden International Investment LL кен өндіруші компанияны...