Ұлытау облысында өлген жылқылардың 1 475-інің өлексесі жойылды. Мемлекеттен қолдау және басқа да жеңілдіктер алу үшін мал ресми түрде тіркелген болуы керек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангелді Бердалин мәлімдеді.
Вице-министр Амангелді Бердалиннің Ұлытау облысына сапарында жылқылардың өлуі және өлексе жоюға қатысты мынадай ақпарат берілді:
қырылған жылқылардың 1 475-інің өлексесі жойылды; көтерем болған жылқы басының басым бөлігінде сәйкестендіру нөмірі жоқ (чиптер немесе тавро жоқ), тиісінше, АШЖБ дерекқорында тіркелмеген; аудандық ветеринариялық станцияларға мал иесінен өлім фактілері туралы өтініш түспеген.«Жеке және заңды тұлғалар мал басын сәйкестендіруді қамтамасыз етуге («Ветеринария туралы» заңның 25-бабының 5-тармағы) және малды сатып...