Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының әкімі Миржан
Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады. Бұл жайлы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс басшысы тасқын судың алдын алу бойынша облыстық жедел штабтың отырысын өткізген. Сонда жергілікті атқарушы органның су тасқыны кезіндегі жұмысына көңілі толмаған Төреғалиев әкімдігіне дейін су басып кеткен шаһар басшысына сөгіс жариялаған.
«Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кешелі бері қаланы аралап жүрмін. Кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулер...