Биржадағы активтерді қашан сатып алып, қай кезде сатып алған тиімді болатынын білу үшін техникалық анализ жасау қажет. Мұны көбіне трейдерлер қолданады. Ал инвесторлар іргелі анализді үйренгені абзал. Неге олай? Темірді қызған кезінде соғуға қалай дағдылануға болады? Осы туралы айтамыз.
Трейдерлерге техникалық анализ қалай көмектеседі?
Айтқандай, инвесторларға қарағанда техникалық анализді трейдерлер көбірек қолданады. Мұндай анализдің біраз құралы математикалық формулалар арқылы есептеледі. Сондықтан аналитиктер бұл талдау дәл жасалатынын айтады. Одан бөлек, техникалық анализде биржа ойыншыларының эмоциялары мен психологиясы да ескеріледі. Мұнда тәртіпке бағыну маңызды. Яғни сигнал түспейінше трейдерлерге сатып алуға не сатуға болмайды. Ал ол сигналдар болса, бағаны құрайтын ұсыныс...