«Самұрық-Қазына» қорының 2023 жылы сатып алуға жұмсаған қаражаты 3,69 трлн теңгені құраған. Оның 60 пайызы, яғни 2,1 трлн теңгесі бір көзден сатып алуға жұмсалған. Соның ішінде 722 млрд теңгелік қызметтер мен тауарлар «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясынан алынған. Бұл жайлы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің сатып алу қызметіне арналған отырысында айтылды.
«Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, сатып алулалардың басым бөлігі, яғни 1,7 триллион теңге тауарларға жұмсалса, 1,2 триллион теңгесі қызметтерге, ал 750 миллиард теңгесі жұмыстарға жұмсалған. Бұл сатып алулардың 79 пайызы отандық өндіріс үлесіне тиген.
Сонымен бірге бір көзден сатып алулардың жалпы көлемінің үштен бірінен астамы (34%) еншілес ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерд...