«Атакент» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы» әлемдік деңгейдегі спорт нысандарын салу үшін 3 млрд теңге қарыз алды. Несиені Еуропа қайта құру және даму банкі мен Shinhan Bank Kazakhstan берген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қос банк берілген несие тәуекелін бірлесіп көтереді. Бірінші транзакцияға «Атакент» орталығы халықаралық деңгейдегі спорт жарыстары өтетін нысан салады.
3 млрд теңге несиеден бөлек, энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуге $172,2 мың көлеміндегі ЖЭҚ гранты берілген.
«ЕҚДБ Кореяның Shinhan Bank еншілес ұйымы – SBK екі банк арасындағы тәуекелді бөлу туралы келісім бойынша, «Атакентке» берген 3 миллиард теңге ($6,6 млн) несие тәуекелінің жартысын...