Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидалары өзгереді. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталында шығарылған құжатта айтылған.
Жаңа ережеге сәйкес «Отбасы Банкі» АҚ депозиттеріндегі қаражатты сақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұзарады. Бұл алушылардың тұрғын үй несиесін алу үшін жеткілікті мөлшерде қаражат жинауы үшін жасалып отыр. Өйткені тұрғын үй несиесін алу үшін қажетті бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі 6 жылды құрайды..
Өзгеріске ұшыраған қағидаларға сәйкес, сыйақы мөлшерлемесін және мемлекет сыйлықақысын есептеу және қайтару тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Алушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан және өзінің жақын туыстарынан...