«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытын газ тарату желілеріне қайта қоспақ. Ол үшін QazaqGaz-дың бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаевтың қызы – Қорлан Шәріпбаеваға тиесілі «АтырауОблГаз» шағын газ құбырын қайтарып беруі керек. Бұл туралы Kursiv.kz-ке QazaqGaz компаниясында хабарлады («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы).
«Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 29 қарашадағы қорытындысы жарияланды. Ұзындығы 214 метр газ тарату желілерін қайтару мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауытын бұрын ««АтырауОблГаз» ЖШС-не сатылған газбен қамтамасыз ететін газ тарату жүйесі бүгінге дейін ҚТГА Атырау өндірістік филиалы («ҚазТрансГаз Аймақ» – Курсив) мен «АтырауОблГаз» ЖШС арасында бұрын жасалған мүлікті сатып алу-сатуды тоқтату туралы құжатқа қол қойылды...