Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті.
Қазақстандықтарды мерекемен кімдер құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, БАӘ, Индонезия, Хорватия және басқа да мемлекеттердің президенттері Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтауларын жолдады.
«Тәуелсіздік жылдарында достас Қазақстан Республикасы түрлі салада ауқымды өзгерістер мен түбегейлі реформалар жүргізгенін, Сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы абыройы мен беделі артып келе жатқанын атап өткім келеді»-деді Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев.
«Әрбір қазақстандық үшін тең мүмкіндіктерге жол ашатын Жаңа және Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі маңызды...