Solva микроқаржы ұйымы акциялардың 10% – дан астам үлесі бар меншік иелерінің құрамын өзгерту туралы есеп берді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайты хабарлады.
БАӘ астанасы Абу -Дабиде тіркелген Neo Crystal Holdings Ltd компаниясы Solva-ның жаңа акционері болды. Бірақ компанияның нақты меншік үлесі көрсетілмеген. Компания өкілдері «Курсивке» Solva «меншік құрылымына жоспарлы өзгерістер енгізіп жатқанын айтты. Компания желтоқсан айының ортасында ақпаартты егжей-тегжейлі жариялауға уәде берді.
Қазіргі уақытта Solva акционерлерінің құрамы екі компаниядан тұрады. Neo Crystal Holdings Ltd-ден басқа, бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) резиденті болып табылатын Solva Group Ltd.
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің (AFSA) деректері бойынша компанияны...