Запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке шақыртылады. Қорғаныс министрлігінің тиісті қаулысы «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын»,- делінген құжатта.
Құжат түсіндірмесінде 2024 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын запастағы офицерлермен жасақтау мақсатында азаматтарды әскери қызметке шақырылатыны жазылған.
Жобаны іске асыру қосымша бюджет...