Шағын және орта бизнес иелері енді БЖТ (ЕСП) төлемейді. Олар үшін арнайы салық режимдері енгізіледі. Бұл жайлы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
Біржанов алдағы уақытта арнайы салық режимдерін және электрондық сауданы реформалау жоспарланып отырғанын айтты. Оған сәйкес интернет-платформалар арқылы табыс табатын тәуелсіз қызметкерлер 1 млн теңгеден аз кіріс үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей салық төлей алады.
«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ел экономикасы үшін маңыздылығын назарға ала отырып, олардың бүгінгі күннің шарттарына сәйкестігі үшін арнайы салық режимдерін реформалау көзделеді. Осылайша, жеке тұлғаларға интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін тәуелсіз қызметкерлерге айына 1 млн теңгеден аз кіріс кезінде...