АШМ өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау процестерін жеңілдетеді. Бұл жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындаған.
Құжатқа сәйкес «электрондық егістік карталары» алып тасталады. Солайша субсидиялау процестері оңтайланады.
Бұған дейін қолданыстағы ережелерге сәйкес өсімдік шаруашылығын субсидиялау «электрондық егістік картасының» болуын талап ететін, ол бойынша фермерлер субсидия алуға өтінім бергенге дейін егіс айналымын толтыруы керек болатын.
Өсімдік шаруашылығында 2023 жылы сатып алынатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, тыңайтқыштардың және жоғары сапалы...