Алдағы уақытта елімізде мопед көлікттері міндетті тіркеуді және ал жүргізушілеріне рұқсат куәліктерін беруді енгізу қарастырылуда. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.
Жаңа талаптарды енгізуді кім ұсынды. Игорь Лепеха бұл ұсынысты Ішкі істер министрлігінің өзі бастамашылық еткенін және мопед жүргізушілерінің, әсіресе Алматы мен Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан жол-көлік оқиғасының саны артқанын мәлімдеді.
«Мәселе күрделі, мопедтерді тіркеу, мемлекеттік нөмірлік белгілер мен жүргізуші куәлігі мәселесі бойынша Мәжіліске ұсыныс енгізілді. Депутаттар бізді қолдайды ма, жоқ па, біз білмейміз. Мәселені депутаттармен талқылаймыз,», – деді Лепеха.
Мопед жүргізушілері жол ережесін қаншалықты жиі бұзады. Министрдің орынбасары қыркүйек-қазан (толық екі ай...