8,5 мың мерзімді әскери қызметшінің несиелік қарызы 3,2 млрд теңгені құраған. Бұл жайлы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекетті органдарымен бірлесіп, мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда мерзімді әскери қызметшілерге кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылады. Атап айтқанда, 2022-2023 жылдар бойынша 8,5 мың әскери қызметшілерде банктерде және микроқаржылық ұйымдарда 3,2 млрд теңге сомасында 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Бүгінг...