4 қыркүйек күні мұнай бағасы рекордтық өсім көрсетті. Brent маркалы «қара алтынның» баррелі 89 долларға жетті. Бұл 2023 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары көрсеткіш. Әлемдік сарапшылар шикізат құны барреліне 100 долларға жетуі мүмкін деген жағымды болжамдарымен бөлісуде. Алайда «Байдильдинов. Мұнай» бағдарламасының жүргізушісі, сарапшы Олжас Байділдинов мұнайдың шынайы бағасы 70-80 доллар аралығында деп есептейді.
Сарапшының айтуынша бағаның өсуіне айтарлықтай ықпал ететін факторлар жоқ.
«Бірақ көптеген сарапшылар 100 доллар көрсеткішіне жетеді деп болжауда. Олардың пікірінше, оған ОПЕК+ және жалпы мұнай өндірісінің қысқаруы ықпал етті. Алайда Қытайдағы экономикалық өсім қарқыны баяулауы және басқа да өңірлердегі жағдай шынайы баға мұндай...