Үкімет 2024 жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарады. Президент QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек деп мәлімдеді.
«Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру. «Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. Келесі жылы Air Astana компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. QazaqGaz кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Қазақстан ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика құрып жатыр. Сондықтан қайтарылған активтің бәрін ашық түрде...