Қазақстанға рулі мен шанағы оң жақта орналасқан көліктерді кіргізуге 6 айға тыйым салынады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.
Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 47-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес тыйым салынған.
«Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметін...