8 қарашада Америка Құрама Штаттарында сайлау өтеді. Америкалықтар Өкілдер палатасын, Сенаттың үштен бірін, көптеген штаттардағы заң шығарушы органдар мен губернаторларды сайлайды. Олардың нәтижелері сөзсіз Джо Байденнің президенттігінің келесі екі жылы мен оның саясатына қатты әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесі екі жыл сайын қайта сайланады. Соңғы екі жылда демократтар палатада басымдыққа ие болды. Бұл – әдеттегі жағдай: жаңа президент сайланған кезде оның партиясы көбінесе Конгресстің екі палатасын да бақылауға алады. Себебі президенттік сайлауда сайлаушылардың белсенділігі әлдеқайда жоғары және америкалық сайлаушылардың басым бөлігі барлық лауазымдар үшін бір партияның кандидаттарына дауыс береді.
Қазіргі сайлауда Демократиялық партияның Өкілдер палатасында...