Алмасадам Сәтқалиев еліміздің бірқатар жылу орталығында болған жағдайдың себебін айтты/коллаж kursiv.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің бірқатар жылу орталығында болған оқыс жағдайдың себебін осылай түсіндірді.
Оның айтуынша Теміртау, Екібастұз, Риддер қалаларының жылусыз қалуы апат емес, технологиялық ақаудың салдары.
«Өткен аптадан бастап Қазақстанға суық атмосфералық ауаның кіруімен энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық ақау байқалды. Энергетика министрлігінің құзыреті шеңберінде технологиялық ақау Теміртау қаласындағы Bassel Group LLS ЖШС және Екібастұз ЖЭО Риддер ЖЭО, ГРЭС-1-де ғана тіркелді. Бұл нысандарда температура режимі толық көлемде қалпына келтірілді. Технологиялық ақаудың сипатына қарасақ, аталған жағдайдың ешқайсысы апатқа жатпайды», – деді Үкімет отырысында...