Ақылы жолдарда жүру ақысы 7 күн ішінде төленуге тиіс, 8-ші күні айыппұл салынады – Көлік министрлігі
Ақылы автомобиль жолдарында жүру ақысы 7 күн ішінде төленуге тиіс. Өйткені, 8-ші күні айыппұл салынады. Көлік министрлігі осындай ескерту жасады.
Министрлік дерегінше, төлем жасаудың 20-дан астам әдісі қарастырылған. Атап айтқанда, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы және т.б.
Айыппұл мөлшері. Бір апта ішінде тиісті төлем жасалмаса, 8-ші күні «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 628-бабына сәйкес айыппұл есептеледі. Оның көлемі жеке тұлғалар үшін – 5 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғалар үшін – 10 АЕК-ті құрайды.
2023 жылы 1 АЕК – 3 450 теңгеге тең.
Айыппұл салынбас үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен...