Америка қор биржаларының өткен тәулікте көрсеткен нәтижесі айтарлықтай болмады. Оған елдің энергетика секторындағы құлдырау себеп. Оған қоса, Қытай көшбасшысы мен АҚШ президенті кездесуінің нәтижесі нарық қатысушыларының көңілінен шықпады. Walmart акциялары компанияның пессимистік болжамы аясында қүрт арзандады. Осы және өзге де тақырыптарды әлемдік БАҚ-қа шолудан оқыңыздар.
АҚШ қор нарығының өсімі баяулады
CNBC басылымы АҚШ қор биржалары кеше елдің энергетика секторының төмендеуіне байланысты айтарлықтай нәтиже көрсетпеді деп жазады. Chevron акциялары 2% жоғалтты, ал S&P 500 кең индексі 3% -ға жуық кеміді.
Федералды резерв жүйесінің хабарлауынша, АҚШ-тың өнеркәсіп өндірісі қазан айында өткен аймен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеген. Trading Economics мәліметтеріне сүйенсек, сарапшылар орта...