Фото: kursiv.media
15 қараша, Қаржыгерлер күнінде Қазақстан Ұлттық банкі цифрлық теңгені қолданысқа енгізді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ҰБ төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Сондай-ақ конгрес барысында цифрлық теңгемен алғашқы бөлшек транзакция жасалып, оған бір шыны аяқ кофе сатып алынды.
Ұлттық банк Ұлттық төлем корпорациясының төрағасы Бинұр Жаленов цифлық теңге деген қолма-қол ақшаның бір баламасы екенін айтады.
«Цифрлық теңге – теңгенің қолма-қол және қолма-қол емес түріне қосымша, үшінші формасы. Ол бұлардың қасиеттерін біріктіреді. Цифрлық теңгемен интернет жоқ болса – офлайн төлем, банк қосымшасы арқылы – онлайн төлем жасауға болады. Жай сөзбен айтсақ, бұл цифрлы...