«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылған алғашқы тоғыз күнде БЖЗҚ-ға мақсатты жинақтарды алуға 100-ге жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов айтты. «2024 жылы 18 жасқа толған 304 815 баланың БЖЗҚ-дағы мақсатты жинақ шоттарына әрқайсысына 100 доллардан түскен. Олар кәмелеттік жасқа…