Еурокомиссия мен Еуропалық инвестициялық банк Ресейді айналып өтетін Орталық Азияға стратегиялық көлік инфрақұрылымы объектілеріне 1,5 млрд еуро инвестиция салуға ниетті. ТАСС ақпаратынша, бұл туралы Брюссельде өткен Global Gateway форумында Еурокомиссия төрағасының орынбасары, сауда мәселелері жөніндегі еурокомиссар Валдис Домбровскис айтқан. «Ұзындығы 11 мың шақырым болатын көлік дәлізі Еуропа мен Азия арасын 15 тәулікте…