Израильде консулдық есепке тұрмаған 400-ден астам қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Оның дерегінше, 7 қазан күні Израильдегі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде жедел штаб құрылып, шетелдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмін дереу орындауға кірісті.
Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінде Израиль аумағындағы ҚР азаматтары мен олардың еліміздегі туыстары үшін шұғыл байланыс, жедел желісі ашылды. Осы екі күн ішінде отандастарымыздан 500-ден аса қоңырау түсіп, оларға жауап берілді. Қазір Қазақстанның Израильдегі елшілік-консулдық есебінде 77 азамат тіркелген. Оның ішінде елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелер...