Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бірігіп «Түркі инвестициялық қорын» құрады. Қор құруға бағытталған келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасын дайындау мәселесі Сенатта талқыланды.
Қор құру туралы келісімге 2023 жылғы 16 наурызда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының төтенше саммиті шеңберінде қол қойылған.
Қор мынадай функцияларды орындайды: жобаларды, шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылым жасауды және оны жаңғыртуды қолдау, өнеркәсіп өндірісін, көлікті, ауыл шаруашылығын, туризмді және «жасыл экономиканы» қоса алғанда, өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдау.
Қордың жарғылық капиталы жалпы номиналды құны 350 млн. АҚШ долларын құрайтын төленген акцияларға, сондай-ақ номиналды құны 150 млн АҚШ долларын...