Қазатомөнеркәсіп ұсынған биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығындағы қаржылық есептің деректеріне сәйкес өндіріс қарқыны артып, кірісі 25%-ға өскен.
«Кірістер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 619 миллиард теңгені құрады, бұл операциялық пайданың 46%-ға өсуіне жіне таза пайданың 33%-ға 222 миллиард теңгеге дейін ұлғаюына әкелді», делінген компания сайтында.
Қазақстанның миноритарлық акционерлері қауымдастығындағы сарапшылардың пайымынша Қазатомөнеркәсіптің табысының толыса түсуіне Ресей уранына бөгесіннің қойылуы, әлемдік жетекші елдердің қалдықсыз және залалсыз «жасыл экономикаға» көшуі, метал құнының артуы сынды себептерді алға тартып отыр.
Отандық уран бағасы жоғары динамиканы сақтап отыр. 2022 жылы 13% өсімнен кейін уран споты...