Фото: kursiv.media
Биыл 3,6 миллион оқушы мектепке барады. Материалдық көмекпен қамтылатын бала 400 мыңнан астам. Оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың мөлшері – 40 567 теңге. Бұл сомаға дайындық қалай болмақ? Ата-ана, оқушымен Алматы базарын араладық.
Қыз баланың мектеп формасына кететін шығынды есептеп көрелік.
Жейделер бағасы 4500 теңгеден басталады. Бұл ауа өткізбейтін, полэстер матадан. Сапалы, сәнді жейде аламын десеңіз 7000 теңгеге табуға болады. Бейжің, Бішкекте өндірілген киімдер арзандау. «Түркияда жасалған» деген киімдердің бағасы айтарлықтай қымбат. Биылғы сәндегі теннис юбканың құны – 5600 теңге. Сарафан 7000 теңгеден басталады. Трикотаж жилет 5000-9000 теңге аралығында. Оқушы қыздың бантигі – 900 теңге. Ең арзан майка...