Финтех-холдинг Kaspi.kz Kolesa Group холдингіндегі 40% үлесті сатып алады. Бұл туралы компанияның Лондон қор биржасының (LSE) сайтында жарияланған 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есебінде жарияланды.
Ал мәміле сомасы 8 88,5 млн долларды (шамамен 39 млрд теңге) құрайды. Ол ағымдағы жылдың үшінші немесе төртінші тоқсанында жабылады деп жоспарлануда. Ал Kaspi.kz мәміле бойынша, 39,76% үлесін алады.
Бұл ретте Kolesa Group пен Kaspi.kz –дың басшысы және тең иесі болып Михаил Ломтадзе қалады.
«Бұл Kaspi.kz-ге дауыс беретін акциялардың шамамен 51% иелігінде болуға және Kolesa директорлар кеңесін бақылауға, Kolesa нәтижелерін қаржылық есептілігіне толық шоғырландыруға мүмкіндік береді», – делінген Kaspi.kz мәлімдемесінде.
Kolesa Group акционерлерінің толы...