Фото: kursiv.media
Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі көбейтілген салық құнына қатысты бір шешімге келді. Енді 50 миллион теңгеден асатын көлік иелері мен 10 және одан да көп пәтері барлар көбейтілген салық төлейтін болады. Бұл туралы Сенатта вице-министр Азамат Әмрин мәлімдеді.
Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Онда қымбат мүлік иелеріне салынатын салық көлемін арттыруға қатысты түзетулер енгізіледі. Әмрин салықтың жеке түрі пайда болмайтынын, қолданыстағы салық түрлері тек акциздер арқылы, мүлік салығы арқылы толықтырылатынын айтты.
Атап айтқанда, мүлік салығында салық салудың прогрессивті шкаласын енгізу ұсынылып отыр. Құн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мөлшерлеме 0,01-ден 1,5% -ға дейін жоғарылай...