Фото: kursiv.media
2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 26 418,9 млрд теңгені немесе 58,9 млрд АҚШ долларын құрады. Былтыр жыл соңымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 1 101,2 млрд теңгеге немесе 4,3%-ға өссе, 2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда мемлекеттік қарыз 4 724,8 млрд теңгеге немесе 21,8%-ға өсті, деп жазады Экономикалық зерттеулер институты.
Мемлекеттік қарыз құрылымы төмендегідей:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарызы 22 717,9 млрд теңгені немесе мемлекеттік қарыздың 86%-ын; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарызы 2 632 млрд теңгені немесе мемлекеттік қарыздың 10 пайызын; ЖАО-ның сыртқы кредиторлар алдындағы берешегі 1 069 млрд теңгені немесе мемлекеттік қарыздың 4 пайызын...