ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKBZC) мүшелерімен жыл сайынғы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға АҚШ Сауда Палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси бастаған ірі америкалық компаниялардың, соның ішінде Chevron, Boeing, Citi, Pfizer және т.б. басшылары қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық Экономика министрлігі хабарлады.
Ә.Қуантыров өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан мен америкалық ірі компаниялардың ынтымақтастығы 30 жыл бойы жалғасып келеді және олардың саны жыл сайын өсіп жатыр. ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2022 жылы пандемияға дейінгі деңгейден асып, $3,1 млрд. құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға артық. Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 32% – ға өсіп, $1,2 млрд. құрады...