Фото: shutterstock.com
PwC Kazakhstan компаниясы Цифрлы Қазақстан Қауымдастығымен бірлесіп бөлшек электронды коммерция нарығына талдау жасаған. Іргелі зерттеуге Mechta.kz, Kaspi.kz, Sulpak, Halyk Market, Қазақстандағы Ozon Marketplace, ForteMarket және құпиялылықты сақтауды өтінген өзге де респонденттер қатысқан. Зерттеуде жеке тұлғаларға қатысты онлайн сатылым және беру нүктелері мен дүкендерден алып кету және жеткізіп беру деректері қамтылған. Бұл ретте теміржол, әуе билеттерінің сатылымы, хабарландыру сайттары, тамақ жеткізу, купондық сервистер, коммуналдық және басқа да төлемдер енгізілмеген.
«Бөлшек электронды коммерция индустриясы соңғы 5 жылда әжептәуір өсті және бүкіл әлемде тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ету арқылы дамуды жалғастырып жатыр. Пайдаланушылар онлайн отырып тауарлар мен қызметтер бағасын жедел әрі оңай...