Фото: автордікі
Алматыда отандық мұнай өңдеу зауыттарының бір топ өкілі Энергетика министрінің жақында шыққан бұйрығына қатысты наразылықтарын білдіріп, мәлімдеме жасады. Журналистерді жинап мұндай мәлімдеме жасауына аталған ведомствоның 2023 жылғы 24 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» № 118 бұйрығы себеп болған.
Құрамында «Ақтөбенефтпереработка» ЖШС басшысы Берікжан Дарбеков «Mangystau Oil Refining» МӨЗ өкілі Абдыманап Исабаев, «Қазақстан заң-кенес» заң консультанттары палаталары қауымдастығының төрағасы Фарид Алиевтер бар сикерлер министрлік аталған бұйрықты шығарар да біздің жағдайымызбен санаспады деп отыр.
Олардың айтуынша, бұйрықты орындау аймақтардағы шағын мұнай өңдеу зауыттары үшін бірнеше жағымсыз жағдайларға...